ШЫМКЕНТ: «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» ЖАҢА КОДЕКС ТАЛҚЫЛАНДЫ

Рейтинг
15.01.2020, 20:25

"Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалында өткен жиында қоғамдық денсаулықты сақтау, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет, денсаулық сақтау саласындағы кадрлық саясат жайы көтерілді.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Б. Әлтаев, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Садыр, "Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Б.Қуанышбеков, Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, түрлі діни конфессиялардың өкілдері қатысты. Қатысушылар жаңа кодекстің жобасын талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша жиналғандар Кодекс жобасы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттары үшін бірқатар оң өзгерістер алып келеді және одан әрі келісу барысында барлық тиісті нормалар сақталатын болсын деген ортақ пікірге келді.

Сұхбат

PhotoRoom