Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері мәдениет саласы өкілдерімен кездесу өткізді.
Іс-шарада Департамент басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде қабылданып жатқан шаралар мен жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлықтың жағдайы айтылды.
Сонымен қатар, кездесу барысында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғасына қатысты ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде ұсыныс қаралды.
Ұсынуды қарау барысында Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалының қалыптаспағандығын және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу шараларының әлсіз атқарылып отырғандығы айтылып, алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігі ескертілді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға сәйкес басшыларға бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу міндеті енгізілген. Бұл міндеттің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы басшының тәртіптік жауапкершілігіне әкеліп соғады.