Алдағы үш жылда бизнестің жол картасы және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 300 жобаға қолдау көрсетілетін болады. Жобалардың құны - 3,3 миллиард теңгені құрайды.
Нәтижесінде салада жұмыс істейтіндер саны 148 мыңнан 175 мың адамға дейін көбейеді. Жалпы өнімдегі үлесі 27 пайыздан 33 пайызға жеткізіледі.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов, есеп беру жиналысында кәсіпкерлерге аса көңіл бөлініп, жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Дегенмен бизнес өкілдері әлеуметтік жауапкершілікті ұмытпаған жөн деп ескертті.
Кәсіпкерлерді табыс алумен бірге қайырымды болуға, санитарлық және еңбек талаптарын қатаң сақтауға, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге шақырды.