ШЫМКЕНТ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛЕТІН ЖЕРЛЕР 1 МЫҢ ГЕКТАРҒА АРТҚАН

Рейтинг
13.04.2020, 20:06

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлім етті.

Басқарма басшысының мәліметінше, қала аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 62,6 мың га құрайды. Оның ішінде, егістік жер - 39,5 мың га, суармалысы - 11,0 мың гектар.

- Қазір көктемгі дала жұмыстары тиісті мерзімінде орындалуда, жұмыс барысында қолда бар тракторлардың 91%, тұқым сепкіштердің 93%, жер қопсытқыштардың 95%, топырақ өңдейтін агрегаттардың 97% жұмылдырылған. Ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін жерлер өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға артып, 27,6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Оның ішінде 16,6 мың га жерге дақылдары егілген, - деді басқарма басшысы.

Атап айтсақ, масақты дәнді дақылдардың егіс көлемі – 9,0 мың га; майлы дақылдар – 2,8 мың га; көкөніс пен бақша – 1,5 мың га; картоп – 0,1 мың га; мал азықтық дақылдар – 3,2 мың га егіледі. Президент тапсырмасына сәйкес, көктемгі дала жұмыстарына 5% мөлшерлемемен АШТӨ-не 500 млн теңге жеңілдетілген несие қаралған.

- Осы жұмыстарға бөлінген 1,25 мың тонна жанар-жағармайдың құны литріне 174 теңгеден 160 теңгеге төмендетілген. Өнімділікті арттыру мақсатында шаруаларға минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 105,1 млн.теңге қаралып, қазіргі таңда қолдау шаралары басталған. Ал озық технологияны қолдануға келсек, қазіргі таңда жылыжайдың жалпы көлемі - 183,5 га, оның өнеркәсіптік - 56,1га, фермерлік -127,4 га. Ағымдағы жылы қосымша 30 гектар жерге жылыжай салынған. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде жыл соңында өндірілетін өнім көлемі 1,6 млрд теңгеге артып, 11,0 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарлануда, - деді Асқар Сәкенұлы.

Сонымен қатар, есепті кезеңде мал басы мен өнімділіктің өсуі байқалады. Атап айтсақ: ІҚМ мал – 2,4% артып, 74,3 мың басқа; қой ешкі – 3,0%, 113,4 мың; жылқы – 1,1% кеміп, 13,7 мың; құс – 6,2% кеміп, 839,4 мың басқа жетті. Нәтижесінде ет 20,8%, 978,3 тонна, сүт 0,5%, 2,4 мың тонна, жұмыртқа 12,9% артып 12,9 млн дананы құраған. Мал шаруашылығын қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен 1 140,7 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда шаруалар тарапынан түскен өтінімдер қабылдануда (76,0 млн теңге субсидия төленген).

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Сұхбат

PhotoRoom