Алматы облысы Ассамблея жылын 20 игі іспен атқармақ

Аймақ
13.01.2015, 12:25

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын мерекелеу аясында Алматы облысында «20 игі іс» жобасы басталды. Аймақтағы әрбір этномәдени бірлестік дәл осынша шара өткізуі тиіс.

Облыстағы шешен-ингуш орталығының өкілдері Талдықорғандағы курдтар қауымдастығының аймақтық филиалының мүшелерімен бірге Қаратал ауданындағы Үшкөмей орталау мектебіне барды.

Бұл кенттің негізгі тұрғындары шешен және курд ұлыстарының өкілдері, сондықтан аталған орталық білім мекемесін өз қамқорлығына алды.

Мектепте 1-9 сыныптарда білім алып жүрген 35 бала бар. Кейде сабақтар қатар өткізіледі. Білім ошағының мәселелері аз емес, мектеп бөлмелерінен бастап, дидактикалық материалдарға дейін жетіспеушілігі байқалады. Ассамблея мүшелері бұл мәселелерді шешуге көмегін көрсетуде. Олар мектеп оқушыларымен кездесіп, көктемгі демалыс кезінде облыс орталығына экскурсия ұйымдастыруды уәде етті.

«Өткен жылы бұл мектепті өз қамқорлығымызға алып, су мәселесін, мектептің қоршалуы проблемаларын толық шештік, қажетті кітаптар әкелдік», - дейді облыстағы шешен-ингуш этномәдени бірлестігі басқармасы төрағасының орынбасары Ася Ибрагимова.

Сұхбат

PhotoRoom