ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНҒАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Рейтинг
17.04.2020, 00:16

Халықтың өміріне араша түсетін ақ халаттылардың бүгінде еңбегі орасан зор. Қиындықпен бетпе-бет кездесетін дәрігерлердің жұмысына көпшілік қолдау білдіруде.

Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы карантинге жабылған 8-мөлтек ауданда №13 емхана қызметкерлері тәулік бойы қызметте. Мұндағы санитарлық бекетте емхана мамандары медициналық көмекті қажет ететін жергілікті тұрғындарға тәулік бойы көмек көрсетуге дайын.

Шымкент қаласындағы карантинге жабылған 8-ші ықшам аудан,  тұрғындар медициналық көмекпен қамтамасыз етілген. Мұндағы санитарлық бекеттегі жедел жәрдем және емхана қызметкерлері медициналық көмекті қажет ететін жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуге дайын. Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 13 санитарлық бекет жұмыс істеуде. Бекеттерде дене қызуын өлшейтін құрылғылар жеткілікті,қалыпты режимде жұмыс істеуде.

№13 емхана дәрігерлері аурудан сақтанудың ең тиімді жолы үйде отыру қажеттігін айтады. Сондықтан мамандар сіздің және айналаңыздағы туысқандарыңыздың саулығы үшін үйде қалуларыңыңызды сұрайды.

Сұхбат

PhotoRoom