ANTIKOR.LIVE: ШЫМКЕНТТЕ ВОЛОНТЕРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Рейтинг
17.04.2020, 16:47
ANTIKOR.LIVE: ШЫМКЕНТТЕ ВОЛОНТЕРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Бұл туралы «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясындағы тікелей эфир барысында Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев мәлім етті.

Оның айтуынша, волонтерлар жылына орай 500 волонтерды оқудан өткізіп, арнайы киім үлгісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

«Волонтерлар қала тұрғындарына 25 мыңға жуық бетперде мен балаларға арналған 1000 аскорбинді қышқыл дәрумендері мен антисептик таратты. Одан бөлек, бірнеше рет қолдануға болатын бетперделерді тігу жұмыстарына қатысты» - деді Ж.Қалтаев.

«Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға 500 себет тұрысқа қажетті азық-түлік өнімдері мен 300 отбасыға киім-кешек үлестірілген.

Бірқатар қайырымдылық қорлары тарапынан 1 тонна тауық еті 100 отбасыға азық-түлік себеттері таратылып, 4 отбасыға теледидар берілген.

Қарт кісілердің зейнетақы алу барысында қолдау көрсету мақсатында «Халық Банк» филиалының 176  нүктесінде 200-ге жуық волонтерлар жұмылдырылған.

Одан бөлек спикер төтенше жағдайдағы студенттердің білім алу барысына да тоқталды.

Шымкент қаласындағы 48 жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері «ZOOM», PLATONUS, CANVAS, MOODLE, Прометей электронды бағдарламалары арқылы білім алуда. Студенттерге негізгі пәндер бойынша сабақ кестесі бекітіліп, оқытушылармен кері байланыс орнатылған» - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, жастар арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында бастау алған «Үйде бірге оқимыз» жобасына тоқталып, аталған Жобаға қатысу үшін Жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желідедегі парақшасында оқитын 3 кітапты жазып, 10 досын белгілесе жеткілікті дейді спикер. Ал, жеңімпаздар 30 сәуір күні анықталып, белсенді қатысушылар түрлі сыйлықтармен марапатталатын болады.

 

_____________________________________

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұхбат

PhotoRoom