Сыбайлас жемқорлық әлемнің көптеген елінде кездескенімен, Transparency International ұйымының индексі бойынша, Сомали, Сирия, Оңтүстік Судан, Венесуэла, Йемен, Сомали, Солтүстік Корея, Туркменистан секілді елдерде жемқорлық деңгейі өте жоғары. Бұл елдердегі мемлекеттік институттардың әлсіздігі, заңның үстемдігінің төмендігі, ашықтықтың жоқтығы және соғыс жағдайлары жемқорлықтың кең таралуына себеп болады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаев өңірде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілгеніне тоқталды. Әкімдіктер мен жалпы мемлекеттік қызметшілерге ел алдындағы міндетті абыроймен атқару керектігін айтты. Пара беруші де, пара алушы да қатаң жазаланатынын жеткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов облыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды, тіркелген қылмыстарды баяндады. Бірінші басшыларға жемқорлық тәуекелдеріне шынайы талдау жасап, күресті күшейтуді ұсынды.
Зерделеу көрсеткендей сыбайлас жемқорлық деректері әлеуметтік қорғау саласы, жер қатынастары, ішкі саясат, білім беру саласы, тұрғын үй саласы, құрылыс және денсаулық сақтау салаларында тіркелген.
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов осы мәселеге қатысты өз ұсынысы мен пікірлерін білдіріп, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларын қызметті адал атқаруға, заңсыздыққа жол бермеуге шақырды.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары осы бағытта нақты жоспар түзіп, жұмысты жандандырыңыздар. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау бағытында облыс әкімдігі жанында комиссия бар. Осы комиссияның жұмысын күшейту бағытында сыртқы және ішкі талдау жүргізу бойынша ұсыныс беруді тапсырамын. Екіншіден, мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін қатаң сақтау қажет. Сенім артқан елдің үмітін ақтау – міндетіміз, – деді аппарат басшысы.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың барлық аспектілерін қамтиды, себебі ол әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты біріктіреді және білімді тұжырымдауда жаңа деңгейге көтеріледі. Бұл интегративті ұғым адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетін моральдық, құқықтық және идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Қоғамдағы осы құбылысқа байланысты адамдардың көзқарасын өзгертіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді қатысуға мүмкіндік туғызады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз – бұл қоғамдағы әрбір азаматтың жемқорлыққа қарсы саналы көзқарасын білдіретін құндылықтар жиынтығы. Бұл мәдениет азаматтарда құқықтық шеңберде әрекет етуге деген біліктіліктерді талап етеді, атап айтқанда: жемқорлықты әлеуметтік зұлымдық ретінде тану, оны азайту тәсілдерін білу, қоғамның әр саласында жемқорлық деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл қоғам мүшелерінің жемқорлыққа қарсылығын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен көзқарастардың, сезімдердің жиынтығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілікке жат қылықтарды айқындап, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыз әрекеттерді ажыратуға мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру – қоғамның және әрбір азаматтың ортақ міндеті. Бұл күрделі мәселеге қарсы тұру үшін мемлекеттік, құқықтық және идеологиялық шаралар кешенді түрде жүзеге асырылып, әрбір адамның санасына жемқорлыққа төзбеушілік сезімін ояту маңызды. Тек осылайша біз сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетіп, әділетті және таза қоғам құруға мүмкіндік аламыз.