Жақсылық зая кетпейді...

Рейтинг
22.04.2020, 14:17
Жақсылық зая кетпейді...

Қазір кәсіпкерлер қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатыр, төтенше жағдай мен карантинге байланысты олардың көпшілігі жұмысын тоқтатты. Бірақ ең бастысы, мұндай жағдайда да біздің кәсіпкерлер әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, әлеуметтік әлсіз отбасыларға қамқор болып, қолдау көрсетеді. Мәселен, «Корпорация «Береке А» ЖШС, «Отау строй» ЖШС, «DALA Construction» ЖШС, «Зерде» ҒӨБ ЖШС, «Бал текстиль» ЖШС, «ЗБН Визит» ЖШС, «FEBgroup» ЖШС, «КазМедПром» ЖШС, «АГФ Груп» ӨК ЖШС, «А.Р.Т. Құрылыс» ЖШС, «Мұнай Инвестмент груп» ЖШС, «Үш сай» ЖШС, «КАТКА» Қазақ-түрік Кәсіпкерлер Қауымдастығы ЖКжЗТБ, «Mega Smart ЖШС, «Еврокристалл» ЖШС компаниялары Шымкент қаласының тұрғынына  пәтер сатып алуға көмектескені үшін көпшілік ризашылықтарын білдіруде.  Жалпы, пандемия басталғалы бері бір ғана өңірлік кеңестің мүшелері шымкенттіктерге 100 миллион теңгеге көмек көрсетті. Көмек ақша қаражатымен, эпидемияға қарсы препараттармен, обаға қарсы костюмдермен және маскалармен және тамақ өнімдерімен көрсетілді. Еске сала кетейік, өңірлік кеңестің төрағасы Қайрат Молдасейітов бірінші болып карантин жағдайында көмек көрсетуге 20 миллион теңге бөлді.

 

 

 

Сұхбат

PhotoRoom