ЕЛІМІЗДІ ПАНДЕМИЯНЫҢ ШЕҢГЕЛІНЕН ҚҰТҚАРУ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

Рейтинг
03.05.2020, 13:15

Әлемді алаңдатқан COVID-19 пандемиясының қаупі Қазақстанға да өз залалын тигізіп жатыр. Дегенмен билік тарапынан дер кезінде қабылданған жедел шаралар өз нәтижесін беруде.

Өзге мемлекеттермен салыстырғанда біздің дәрігерлер мен жауапты сала мамандары індеттің таралу деңгейін бәсеңдетуге үлес қосуда. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев бүгінгі үндеуінде атап өткендей, пандемия өзінің шарықтау шегіне әлі жете қойған жоқ, бұл ретте әлі де карантин талаптарын сақтағанымыз абзал.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты жариялаған мәлімдемесінде "Басты міндет – азаматтарымыздың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу", - деді. Сонымен қатар, мәлімдемеде елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару – бәрімізге ортақ міндет екені де ескерілген.

Расында да Мемлекет басшысы тілге тиек еткендей, "Төзім тілекке жеткізеді". Сондықтан да сабыр сақтайық, қауіптің алдын алуға атсалысайық.

Мадина Бейсенова

ОҚМУ профессоры, экономика ғылымдарының докторы

Сұхбат

PhotoRoom