ШЫМКЕНТТЕ «ЖАНҒА ЖЫЛУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 100 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Рейтинг
09.05.2020, 09:16
ШЫМКЕНТТЕ «ЖАНҒА ЖЫЛУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 100 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Төтенше жағдай кезінде көмекке мұқтаж жанұяларға қол ұшын беру мақсатында Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» кезекті рет «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын қолға алды.

Қайырымдылық шарасына «Петро Қазақстан» Шымкент мұнай өңдеу зауыты да атсалысты. Ұйымдастырушылар мен демеушілер Шымкент қаласындағы төрт ауданмен, яғни Еңбекші, Абай, Әл-Фараби мен Қаратау ауданы әкімдіктерімен бірлесе отырып, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы 100 отбасының тізімі нақтыланды. Осыған сәйкес, ұйымдастырушылар қажеттілікті ескере отырып тұрмыстық жиі тұтынатын ұн, қант, ақ май, макарон, қарақұмық, шай, печенье, тәттілердің 100 азық-түлік себетін әзірледі.

Акция аясында ерікті жастардан жасақталған белсенділер қауіпсіздік ережелерін сақтана отырып, аталған азық-түлік себеттерін 100 отбасыға таратты.

Айта кетейік, жыл басынан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында 500-ден аса отбасыға көмек берілді.

Сұхбат

PhotoRoom