ШЫМКЕНТ: РЕСПУБЛИКА ДАҢҒЫЛЫ БОЙЫНДА ВЕЛОЖОЛ САЛЫНУДА

Рейтинг
05.06.2020, 13:39

Шымкент қаласындағы Республика даңғылы бойына веложол салынып жатыр. Осыған орай, Мұрат Әйтенов құрылыс жұмыстары барысымен танысып қайтты.

«Республика даңғылындағы жөндеу жұмысының не үшін жүргізіліп жатқанын түсіндіре кетейін. Көптеген тұрғын бұл мәселеге сынмен қарауда. Байқасаңыздар, жолдың бөлу жолағының бір шетіне су қашырғыш құбырлар, екінші жағына лоток орнатылуда. Құбыр қойған себебіміз, оның үстіне веложол салынады. Сол себепті, асфальтті жаңбыр суы көбіне лотокқа қарай құйылатын етіп төсейміз. Жауын-шашын кезінде су сол арнаға құйылады да, жолды су басу қаупі болмайды. Бұл жүйені Байтұрсынов көшесінде байқап көрдік. Соңғы жауын кезінде жұмысы аяқталмаған екі аумақты қоспағанда мұнда су басу жайты болған жоқ»,- дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Сұхбат

PhotoRoom