"Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты оңтайлы құру" атты тақырып талқыланды

Рейтинг
11.06.2020, 20:30

Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің психологтары Ж.М.Арынбаева, А.Н.Санбаева ата-аналарға арналған кезекті вебинарын ұсынды. Бұл жолы мұндай іс-шара 8 сынып ата-аналарына арналды. Айта кету керек, әр вебинар сайын психолог мамандар оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, вебинарларға қажетті ақпараттарды ұқыпты әзірлеп келеді.

Вебинар барысында "Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты оңтайлы құру" атты тақырып талқыланды. Сондай-ақ, ата-аналарға қосымша ақпараттар беріліп, тәжірибелік техникалар өткізілді, ұсыныстар мен жекелей кеңестер берілді. Ата-аналардың кері байланысы көрсеткендей, вебинар қатысушыларға өздері туралы және балаларымен қарым-қатынасы туралы көптеген жаңа және пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Сұхбат

PhotoRoom