АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ

Рейтинг
24.01.2023, 17:10

 

Бүгін «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалына қарасты Испиджаб бастауыш партия ұйымының  отырысы өтті. 

АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ
AMANAT

 

Жиынға БПҰ төрағасы Нышанбаев Тахирбек, Иманқұлов Әбдез, Сулайманов Ләзиз, Таңатарова Жадыра және  БПҰ мүшелері мен белсенді партияластар қатысты.

Кездесу барысында жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихат  депутаты Жадыра Таңатарова екі жылда халық қалаулысы ретінде атқарған жұмыстары жайлы есеп берді.

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында түзілген Жол картасында өзіме бекітілген іс-шаралардың орындалуын қадағалау және жүзеге асыру бойынша жиындар, нысандарға барып бақылау, көшпелі жиындар өткіздім. Жол картасындағы 45,48,83,84,120,125 тармақтарының орындалуына жауапты болғандықтан Өзімнің тарапымнан тиісті басқармалармен байланысып, 25 депутаттық сауал жолдап, бақылауда ұстаудамын», - деді Жадыра Нағашыбайқызы өз сөзінде. 

Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасында жоспарланған іс-шаралар бойынша және  «Ардагерлерді ардақтайық!», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Халыққа көмек», «Жастар Отанға», «Қайсар» жобалары аясында жұмыстар жүргізілгенін тілге тиек етті.

Сұхбат

PhotoRoom