ШЫМКЕНТТІҢ БЕС ЖЫЛДЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ӘЗІРЛЕНДІ

Аймақ
13.10.2021, 22:26
ШЫМКЕНТТІҢ БЕС ЖЫЛДЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ӘЗІРЛЕНДІ

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысы 5 жылдық жоспарды анықтау үшін халық санағының маңызды екенін айтады. 2021 жылдың 9 айында қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде  оң өзгерістер байқалған. Атап айтқанда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібі - 5,0 пайызға, ауыл-шаруашылығы 1,6 пайызға, құрылыс көлемі 7,7 пайызға, тұрғын үй құрылысы 11,4 пайызға, сауда 6,8 пайызға, көлік саласы 4 пайызға, жекеменшік инвестиция көлемі 71,4 пайызға артқан.

Рахымберді Мүлкеманов – Шымкент қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Бағдарлама жобасын әзірлеу барысында қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіліп,  қаладағы негізгі проблемалар мен даму бағыттары анықталды. Тұрғындардың көпшілігі қаланың инженерлік-көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, қаланы абаттандыру, тұрғын үймен қамту және экологиялық жай-күйін жақсартудың қажеттігін атап өтті. Бұл ұсыныстар бағдарлама жобасына енгізілді

Негізгі көрсеткіштердің даму қарқынына сәйкес, Шымкент қаласы Республикамыздың өңірлері бойынша 6 орынға орналасқан. Шымкент халқын таза ауыз сумен қамту бойынша осы жылы 15,5 млрд. теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізілуде.

Сұхбат

PhotoRoom