Ауылшаруашылығы өнімінің төмендеуіне ауа райының қолайсыздығы себеп.Алайда, биыл техникалар жаңартылған.Есесіне, төрт түліктің саны артқан. Алынған өнімдер де еселенген. Атаулы әлеуметтік көмек үшін 71 млн теңге 370 отбасыға берген. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 50 азаматқа мемлекеттік грант беріліпті.
Ержігіт ШӘРІПБЕКОВ – Бәйдібек ауданының әкімі
Ауыз су мәселесі ауданда әлі күнге дейін толық шешілген жоқ. Ақбұлақ ауылының тұрғындары жер асты суын пайдаланып отыр. Ал, Ақжар ауылында жаңа ауыз су жүйелерінің құрылысын салуға жобалау-сметалық құжаттамалары сараптамадан өткізілуде. Жаңаталап, Жұлдыз ауылдарында жаңа ауыз су жүйелерінің құрылысын салуға жер асты су қорын зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Нұрғали АЙТБЕКОВ – Бәйдібек аудандық мәслихатының хатшысы.
Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Тұрақты ауылындағы «Бала Бөген» өзенінің арнасын кеңейтілмек. Боралдай өзенінің арнасын тазартылып, Сарыбұлақ ауылындағы 3 көпірді ағымдағы жөндеуден өтпек. Аудандағы барлық мәселе келелі кеңестен тысқары қалған жоқ. Түйінді істердің шешімін табу-уақыт пен жоспардың еншісінде.