Бүгіннен бастап қаланың білім ошақтарына арнайы тоңазытқышта жеткізілген вирусқа қарсы препарат оқушыларға егіле бастады. Pfizerді алғашқылардың бірі болып салдыруға ниеттенген №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының 11 сынып оқушысы Мерей Алдаберген алдын-ала ата-анасынан рұқсат алғанын айтады.
Мерей Алдаберген - №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының 11 сынып оқушысы 6122 00:13 – 00:30
Оқушы вирусқа қарсы вакцинаны тек ата-анасының келісімімен салдыра алады. Егер де жанұясында анасы немесе әкесі қарсы болса балаға екпе егілмейді. Мектепте салынып жатқан вакцинаға бүгін келісім берген шәкірттердің ата-анасы міндетті түрде қатыстырылды.
Рауан Алдаберген – М. Алдабергеннің ағасы
АҚШ өндірілген Pfizer вакцинасы біздің елде 12 жастан бастап салынатын болып бікітілген. Сондай-ақ, вирусқа қарсы екпенің бұл түрі жүкті әйелдер мен көкіректегі нәрестесі бар аналарғада тағайындалыпты. Егер де екпе салдыруға құлық танытпағандарға ешқандай қысым көрсетілмейді, дейді №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының директоры Роза Жаңабаева.
Роза Жаңабаева - №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының директоры
Қаладағы білім ошақтарына арнайы шақырту арқылы жеткізіліп жатқан вакцинаның бұл түрін, оқушылар мен жүкті және емізулі аналар тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаларынан да салдыруға мүмкіндік бар. Осы орайда, шымкенттің бас дәрігері Бақытжан Позилов әлемдік деңгейде мойындалған Pfizer вакцинасы ешқандай кері әсерін тигізбейтінін тілге тиек етті.
Бақытжан Позилов – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Шымкентке Pfizer вакцинасының бас-аяғы 46 800 дозасы жеткізіліпті. Бұл ретте 12 жастан асқан оқушылар мен аяғы ауыр аналарға, сондай-ақ, көкіректе сәбиі бар әйелдерге түгелімен жеткілікті көрінеді. Әрине, екпе егу жұмыстары тек келісім арқылы жүргізілетінін естеріңізге саламыз.