ТҮЛКІБАСТА ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Аймақ
20.12.2021, 23:35
ТҮЛКІБАСТА ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Түлкібас қарқынды дамып келе жатқан, табиғаты шырайлы аудан. Ел егемендігінің алғашқы жылдары ауданда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 127 болса, қазір 7135- ке  жетті. Шағын кәсіпкерлік арқылы жұмыспен қамтылғандар саны 1 400  адамнан 17 мың 419  адамға өсті. Шағын және орта бизнес саласында өндірілген өнім көлемі  1991 жылы 4 млн. 200 мың теңгені құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш  34 млрд.200 млн.теңгені құрап отыр. Сонымен қатар спорт, өнер саласында да даму бар. Түлкібастық палуандар еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Жиында саңлақ спортшыларда марапатталды.

Ермек Байдуашев – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

Қазақстан өзіміздің әнұранымыз бар

Салтанатты шараның басынан табылған  аудан әкімі Нұрлан Байғұт еңбегі еленгендерді өзі марапаттады. Алғыс хатпен қатар ауданның «Құрметті азаматы» атағында аймақтың дамуына үлес қосқандарға табыстады. Солардың қатарында өңірдегі қара шаңырақ,  Оңтүстік арнамызға 30 жылдай тер төгіп, зейнетке шыққан журналист Сенбек Ералиевте бар.

Сенбек Ералиев – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

Тәуелсіздік қарсаңында туған жеріміздің марапатын алып отырмыз.

Тәуелсіздік әрбір мемлекеттің баға жетпес байлығы.Бұл қастерлі ұғымды әрбір қазақстандық етене сезінеді. Сондықтан болар еліміздің даму жолында тер төккен азаматтар қатары жыл санап артып келеді.

Сұхбат

PhotoRoom