ШЫМКЕНТ: ҚАЛАҒА ҚОСЫЛҒАН ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ОҢТАЙЛЫ ШЕШІЛУДЕ

Рейтинг
05.07.2020, 19:33
ШЫМКЕНТ: ҚАЛАҒА ҚОСЫЛҒАН ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ОҢТАЙЛЫ ШЕШІЛУДЕ

Шымкент қаласының ,үгінде Маятас, Тоғыс тұрғын алабтарындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін 2 көпірдің құрылысына жергілікті бюджеттен 310 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр

Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектеп жанынан 300 орындық қосымша ғимарат, спорт алаңшасын салуға және осы мектепті күрделі жөндеуге 673 млн. теңге бюджеттен қаралып, бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Одан бөлек, бюджеттен 555,2 млн. теңге бөлініп Маятас, Тоғыс, Елтай, Жыланбұзған тұрғын алаптарындағы 11 көшеде 21,4 шақырым асфальттау және 5 көшеде 5,8 шақырым аяқжол орнату жұмыстары да қарқынды түрде атқарылуда.

Сондай- ақ, 114,6 млн.теңге бюджет қаражаты есебінен Тоғыс тұрғын алабы, Мұнайбарлаушылар көшесінде орналасқан көпқабатты 24 тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Сұхбат

PhotoRoom