Нұрлан Нұркенов бұған дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды
Нұрлан Нұркенов Астана әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрлан Нұркенов 1976 жылдың 3 қарашасында Целиноград қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1995 жылы «Шамшырақ» ХЖҚ-да менеджер ретінде бастаған болатын. 2003 жылдан 2006 жылға дейін Астана әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық жұмыс бөлімнің бас маманы, өндірістік сала бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2006-2010 жылдар аралығында ҚР президенті Іс басқармасының күрделі құрылыс және техникалық қадағалау, ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыстар жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі және орынбасары қызметін атқарды.
2010 жылы Астанадағы «Мөлдір су» ЖШС басшысы қызметіне тағайындалды.
2013 жылдан 2014 жылға дейін Бурабай ауданының әкімі болды.
2014 жылдан Ақмола облысы әкімінің өндірістік сала жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2017 жылдан 2019 жылға дейін ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.
2019-2023 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.