Премьер-министр әкімдерді халықпен жиі кездесіп тұруға шақырды

Саясат
31.01.2023, 14:55

Үш министр әлі халықпен кездесу өткізбеген

Премьер-министр әкімдерді халықпен жиі кездесіп тұруға шақырды
фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әкімдерді халықпен жиі кездесуге шақырып, проблемалардың барлығы сондай жиындарда шешімін табатынын айтты.

«Әкім бол, халқыңа жақын бол» дейді. Бізге ашық және нақты байланыс қажет. Халық үніне құлақ асатын мемлекет үшін мұндай іс-шаралар халықпен қарым-қатынастың маңызды құралына айналуға тиіс. Ел ішінде әкімдердің кездесуін асыға күтеді. Өйткені мәселенің көпшілігі жергілікті жерлерге қатысты көтеріледі. Сондықтан олар жаңа форматта өткізіліп жатыр. Әкімнің өзі аудандарға жиі шығып, халықпен кездеседі. Бұл қатысушылар санын айтарлықтай арттырып, көп мәселені шешуге мүмкіндік береді. Есептерге қарасақ, әкімдермен кездесулерде проблемалардың шамамен 99%-ы шешімін табады», - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ министрлердің арасында әлі халықпен кездеспеген шенділер бар екен. Мәселен, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Энергетика министрі Болат Ақшолақов және Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов халықпен кездесуді әлі өткізбеген.

«Алайда кейбір министрлік басшылары жоспарланған 15 кездесуді өткізген жоқ. Мәселен, Индустрия министрлігі 2 облыста кездесу өткізген жоқ. Энергетика және Ішкі істер министрліктерінде де осындай жағдай. Бұл жерде қандай да бір сылтау айту орынсыз. Ешқандай себеп қабылданбайды. Барлық кездесу  өткізілуге тиіс. Оған вице-министрлерді де тарту қажет. Бұл азаматтарды көбірек қабылдауға мүмкіндік береді», - деді премьер-министр.

Сұхбат

PhotoRoom