Қала аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі артқан

Рейтинг
06.07.2020, 22:21
Қала аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі артқан

Шымкент қаласында биыл төрт саябақ салу жоспарланып, қалаға кіре беріс жолдардың бойы абаттандырылуда. Тазалыққа жауапты мекемелер қаланың тазалығын қашанда жоғары деңгейде ұстауға  мүдделі. «Мекеме белгіленген кесте бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды күніне бір рет тазалау керек болатын. Бірақ күл-қоқыстың көптігінен, халықтың көптігінен күніне  2-3 рет қоқыс тасып жатырмыз», дейді «Спецавтотранспорт» ЖШС-нің қызметкері Хадиша Тәжібаева. Абай, Еңбекші ауданында 300 мыңға жуық халық тұрады. Халық санына шаққанда шығарылатын қоқыс көлемі де ұлғайған. Көпқабатты үйлерге еуроүлгідегі 1 170 қоқыс контейнері қойылған. Екіжақты келісім бойынша тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Сұхбат

PhotoRoom