ҰБТ-ға калькулятор алып кіруге болмайды

Әлеумет
31.01.2023, 10:03

Калькулятор тестілеу компьютерінде болады

ҰБТ-ға калькулятор алып кіруге болмайды
Фото: tengrinews.kz

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ кезінде сақталуға тиіс ережелерді түсіндірді. Орталықтың хабарлауынша, ҰБТ-ға өзіңізбен бірге калькулятор алып кіруге болмайды. Бұл әрекет ереже бұзу фактісі болып есептеледі.

Қаңтар, наурыз, тамыз айларындағы ҰБТ мен негізгі ҰБТ-да (мамыр-маусым) калькулятор тестілеу компьютерінде болады. Айта кетейік, сіздер калькулятордан бөлек компьютер экранынан Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесін, Бекетов тізбегін таба аласыз.

Еске сала кетейік, Қазақстанда ҰБТ тапсыру науқаны басталып кетті. Қаңтар айындағы ұлттық бірыңғай тестілеуде 57 мың адам тест тапсырған.

Оның ішінде түлектердің 74% – қазақ тілінде, 25% - орыс тілінде, 37 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ 10 ақпанға дейін өтеді. Жалпы, қаңтардағы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 125 мыңға жуық өтініш келіп түскен. 

Сұхбат

PhotoRoom