Қала алақанға салғандай көрінеді

Рейтинг
07.07.2020, 09:27
Қала алақанға салғандай көрінеді

Шымқаланың шырайын арттыратын саябақтар қатары жыл жылжыған сайын көбейіп келеді. Көлігі көп, кептелісі одан да көп қала үшін саябақтардың көбейгені расында қуантарлық. Шымкенттегі соңғы әлетте ашылған жаңа саябақтардың бірі «Жайлаукөл». Ашылғанына көп уақыт бола қоймаса да бүгінде қалалықтардың ең көп баратын мекеніне айналған. Шырайлы қаланың келбетін биіктен тамашалауға таптырмайтын мекен. Мұнда «Shymkent altyn eye» деп аталатын үлкен айналмалы аттракцион бар. Қала қонақтары мен тұрғындары 50 метр биікке көтеріліп, Шымкенттің келбетін айқын көре алады. Бұл айналмалы шеңберде 18 жабық кабина бір мезетте 108 адамға қызмет көрсетеді. Қаланы биіктен тамашалауға мүмкіндік беретін алып әткеншектен бөлек бұл саябақта 22 ойын аттракционы бар. «Шытырман айна», «Су шары», «Кенгуру», «Қызықты паравоз», «Сегізаяқ», «Тікұшақ», «Түймедақ» тағы басқа ойын аттракциондары саябаққа келушілерге қызмет көрсетеді. Көлкіген көл бетінде қайықта тербетіліп қыдыруға болады. Көлдің ортасында «Махаббат аралы» орналасқан.

Сұхбат

PhotoRoom