Ақ желеңді абзал жандармен жүздесу

Сұхбат
13.05.2022, 21:28
Ақ желеңді абзал жандармен жүздесу

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары бүгін де жалғасын тапты. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының Республикалық штаб мүшесі Берік Оспанов Абай ауданында орналасқан №11 Қалалық емхананың ұжымымен жиын өткізді.

Кездесудің басты мақсаты - алдағы уақытта өтетін республикалық референдумға қатысты ақараттық-түсіндіру жұмыстыры жөнінде толық мағлұмат беру.

Жиында ҚР қолданыстағы Конституциясының 33 бабына түзету енгізу бойынша түсіндірме жұмыстары кеңінен талқыланды. Бұл дегеніміз, мемлекетіміздің бас құжатының үштен бір бөлігі өзгереді деген сөз. Сонымен қатар, халық қалаулысы саяси партияны тіркеу үшін қолдаушылар санын 5 мың адамға дейін қысқарту, сондай-ақ сайлау жүйесіне енетін өзгерістер, конституциялық сот құру жайлы ақпаратпен бөлісті.

Ал, дәрігерлер тарапынан денсаулық сақтау саласына қажетті өзгерістер мен қызмет сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар айтылып, пікірлері тыңдалды. Және дәрігерлер қауымы еліміздің маңызды саяси оқиғасында белсенді болатындарын жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom