Алға бастайтын бағыт-бағдар айқын

Сараптама
03.06.2022, 22:28
Алға бастайтын бағыт-бағдар айқын

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынға қатысқан «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы  Жанар Бектаева, Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі  қоғамдық кеңес  төрайымы Жадыра Таңатарова, қалалық мәслихат депутаты Төрайым Сұлтанова және басқа да халық қалаулылары тұрғындардың алдағы референдумға деген көзқарасы оң, қызығушылығы жоғары деп отыр.

Төрайым Сұлтанова - Шымкент қалалық мәслихатының депутаты

Біз халықпен кездестік. Ұжымдардың бәрімен кездестік. Халықтың көзқарасы оң.Жастардың болашақтан үміті, ой-санасы өте өзгеше. Сондықтан барынша белсенді болу керек. Бұл біздің жарқын болашағымыз. Менің ғана жұмысым емес, 18 жасқа толған әрбір азамат немқұрайлы қарамауы тиіс. Барлығыңызды референдумға атсалысып, үлес қосуларыңызды сұраймын. Референдумды өткізіп, Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосуға шақырамын.

Елімізге түбегейлі өзгерістер қажет екені көптің көкейінде жүрген мәселе.  Мемлекет басшысы өзгерістерге мүдделі екенін Қазақстан халқына Жолдауы арқылы көрсетті. Соның нәтижесінде референдум өткізу туралы қаулысы жарық көргені баршамызға мәлім. Міне, сол сәттен бастап еліміздің барлық аумағында саяси науқанға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы республикалық, облыстық, қалалық штаб құрылып, кездесулер, дөңгелек үстел, түрлі форматтағы жиындар ұйымдастырылуда.

Мұратәлі Қалмұратов – «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары

Қандай заңдарға өзгеріс енгізілді деген сұраққа сол өзгергеннен кейін жауап береміз деп айттық. Ол бұқаралық ақпарат құралдарынан ақпараттар арқылы таралуда. Халық көзі ашық, көкірегі ояу екенін көрсетті. Ұрпақ болашағы үшін баратындарын жеткізгіміз келеді.

Сұхбат

PhotoRoom