"Алтын шаңырақ" монументінің фасады қайта жөнделмек

Рейтинг
07.07.2020, 12:15
"Алтын шаңырақ" монументінің фасады қайта жөнделмек

Шымкент қаласындағы Тәуелсіздік саябағы 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ашылған болатын. Содан бергі тоғыз жыл ішінде саябақ қала келбетіне көрік беріп, қала тұрғындарының саялы мекеніне айналды. Саябақтың ортасына орналасқан шаңырақ тәріздес "Алтын шаңырақ" ескерткіш монументі қайта жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Тұтастай өзгертілмегенмен, ескерткіштің төменгі фасадына басқалай пішін енгізілмек. "Материалдарға шығын жұмсалмайды, реконструкция кезінде ескерткіштің өз материалдары қолданылады, тек адам күші қажет" дейді мамандар.

Сұхбат

PhotoRoom