Антикор кәсіпкерлерді қорғауды көздейтін жобаны іске қосты

Аймақ
01.02.2023, 09:35

Сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады

Антикор кәсіпкерлерді қорғауды көздейтін жобаны іске қосты
Фото: Sputnik.kz

Антикор кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасын іске қосып жатыр.

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұл жобасы сөзден іске көшуге бағытталған.

«Кәсіпкерлер жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысамыз», - делінген ақпаратта.

Өңірлерде бизнес өтініштерін қабылдау үшін арнайы алаңдар мен байланыс арналы жұмыс істеп жатыр.

Аумақтық департаменттердің басшылары Facebook парақшаларында хабарлама қабылдайды. Сондай-ақ Антикордың Call-орталығына 1424 қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Сұхбат

PhotoRoom