Шәмші Қалдаяқовтың туғанына - 92 жыл!

Тұлға
15.08.2022, 13:22
Шәмші Қалдаяқовтың туғанына - 92 жыл!

Шәмші Қалдаяқов – қайталанбас музыкасымен, қарапайымдылығымен, адами қасиеттерімен халықының ыстық ықыласына бөленген тұлға. Бүгінде Шәмшіні де, оның әндерін де елеусіз қалдырған ешкім жоқ. Ол халқының жүрегінде мәңгі тірі. Ұлы композитордың құрметіне 1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін «Қалдаяқов атындағы халықаралық фестиваль» дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Облыстық филармония ұжымы да ұлы тұлғаны дәріптеу мақсатында түрлі іс-шаралар легін үзбейтіндіктерін айтады.  Халық сазгер әндерінің барлығын да сүйсіне тыңдайды. Шәмші анадан бастап, отан, табиғатқа дейін ән арнап, қазақ музыка өнерінің мұрағатын байытқан бірегей композитор, - дейді бүгінгі шараға жиналғандар.

Сұхбат

PhotoRoom