"Зертас" шаруа қожалығы қала халқын сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді

Рейтинг
07.07.2020, 19:52
"Зертас" шаруа қожалығы қала халқын сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Абдулабад тұрғын алабында орналасқан «Зертас» шаруа қожалығы қала халқын сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді.  Шаруақожалық 2019 жылы Австрия елінен жеңілдетілген несие және мемлекеттік қолдау арқылы 128 бас сүтті-етті бағыттағы (симменталь) асыл тұқымды сиырларын әкелген. Қазіргі таңда жалпы мал басы 161-ге жетіп, оның ішінде: -сиыр-161 бас;

-төл-100 басты құрап отыр. Жалпы аумағы 2,25 га құрайтын шаруақожалықта сиырларды тұрақты ұстау, асыл тұқымды бұзауларды өсіру аймағы, заманауи «Параллель» сауу қондырғысы, сүтті жинау үшін салқындатқыш танкер заманауи инновациялық теxнологиялармен қамтылған.

Сұхбат

PhotoRoom