Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов шаруа қожалығының төрағаларымен семинар-кеңес өткізді.Төрткүлде өткен алқалы мәжіліске аудан тұрғындары төрт көзі түгел жиналды. Биыл Ордабасы ауданында бір алқаптан екі-үш өнім алуға ниетті шаруашылық саны екі жүз елуден асты. Олар қазіргі таңда 524 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, баптауда. Бұл былтырғы көрсеткіштен үш есеге артық.
Кездесу барысында шаруаларға озық техникалар ұсынылып, қолданылатын тыңайтқыштар туралы ақпараттар берілді. Алда жылыжай көлемін қосымша 3,5 га ұлғайту көзделіп, ауыл шаруашылығы техникаларын қосымша 7 данаға арттыру көзделуде. Айта кетерлігі, биыл ортақ жайылымдық жерлер көлемі тапшы Қараспан ауыл округі бойынша жалпы көлемі 1 649,3 гектар ортақ жайылымдық жерлер бекітіліп берілген. Қосымша 3 206 гектар жайылымдық жерді аудандық қорға қайтарып, ортақ жайылымға бекіту жоспарланған.