Халықаралық еңбек қатынастарын реттеу -заман талабы. Себебі әлемдегі геосяси жағдайлар қазір ешбір елді де айналып өтпейді. Сонымен қатар әлемді дүрбелеңге салған короновирус пандемиясы еңбек нарығында қалыптасқан жүйенің бұзылуы себеп болды. Осындай ауқымды мәселелерді шешу Біріккен Ұлттыр ұйымының халықаралық еңбек қатынастары секторына жүктелген жауапты міндет. Түркістанда өткен халықаралық конференцияда еңбек нарығындағы өзекті тақырыптар талқыға түсті.
Бүгінгі құбылмалы әлемде табыс тауып отбасының несібесін арттыру әрбір азаматтың басты міндеті. Қазір, заман да талап та өзгерді. Жаңадан мамандықтар пайда болды. Бұрынғы кейбір мамандықтар жойылып барады. Қазіргі таңда цифрлық экономиканың пайдасы мен қатар зияны да бар. Қашықтықтан жұмыс істеу мен технологияны роботтандыру бірқатар азаматтардың жұмыстан қысқаруына әкеп соғатын қауіп тудырады. Осындай жағдайда не істеу керек? Осы және өзге де мәселелер конференцияда басты тақырыптардың бірі болды.
Қазақстанда соңғы екі жылда дүниеге келген сәбилер саны миллионға жуықтады. Бұл өте қуанарлық жағдай. Ендігі мәселе дүниеге келген адам санына байланысты жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр ма? балаларды балабақшамен мектеппен қамту , оларға білім беретін мұғалімдерге жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттілігі түсінікті. Сол қызметкерлердің әлеуметтік құқықтарының сақталуы үшін жұмыс істеу салалық кәсіподақтың басты міндеті. Соңғы екі жылда елімізде 3 мыңға жуық жұмыскердің құқығы бұзылған. Бұл көрсеткіш нақты шағымданушылардың арызы бойынша анықталды. Ал, өз құқығын білмей жүргендер де бар. Сондықтан олардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапты да ауыр жұмыс.
Өзбекстанда да демография көрсеткіштері қарқынды өсіп жатыр. Көршілес жатқан елдерде жаңа жұмыс орындары ашылмаса өзге елдердің еңбек нарығына еніп ондағы экономикалық ахуалды өзгертіп жіберуі мүмкін екендігіне күн санап көзімізді жеткізіп жатырмыз.
Қазір әлемдегі халық саны жылына 40 миллионға артуда. Алайда оның барлығына жұмыс табылып жатқан жоқ. табысы жоқ отбасылардың балалары да жастайынан еңбек етуге көшті. Одан қалса саяси оқиғалар мен қақтығыс салдарын тартып жатқан милиондаған адамдарды қоссаңыз. Халықаралық еңбек ұйымы көтеріп отырған проблеманың ауқымын байқау қиын емес. Сондықтан еңбек нарығын реттеу бұл тек бір мемлекеттің ғана шаруасы емес. Дегенмен әр ел осы мәселелерді шешуге өзінің үлесін қосқаны абзал.