Биыл 8 елді мекен сапалы жарыққа қол жеткізеді

Аймақ
05.12.2022, 18:32
Биыл 8 елді мекен сапалы жарыққа қол жеткізеді

 

Еліміздегі үшінші мегаполистің бүгінде 73 елді мекені сапалы жарық жүйесіне қосылған. Ал, қалған 8 шағын аудан халқы жекенің жарығын пайдалануда.  Олар, Достық, Нұртас, Сәуле шағын ауданының 276 орамы, Тұран, Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап, Қайнарбұлақ елді мекені. Аталған шағын аудандарда  биыл құрылыс қарқынды жүргізіліп, бүгінде қосу жұмыстары жүріп жатыр. Бұйырса, жыл соңына дейін сапалы қуат көзіне қосылады деп күтілуде.

Мегаполистің сапалы жарықпен қамтылу деңгейі, биыл 98 пайызды құрайды деп күтілуде. Осы орайда,  22 мыңға жуық халық мемлекеттік қуат көзіне қосылатын болады. Бүгінде  8 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, кезең-кезеңімен сапалы жарыққа қосылуда. Солардың бірі, Қаратау ауданына қарасты Тұран шағын ауданы. Мұндағы, 2 кезең бойынша жүзеге асқан жұмыс нәтижесінде 86,2 шақырым электр желісі тартылып, 21 трансформатор мен 3078 бағана орнатылған.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін шаһар шетіндегі Батыс шағын ауданына да сапалы жарыққа қосылады деп күтілуде. Осыған дейін,  жекенің жарығын жағып келген тұрғындар тариф құнын 27-31 тнг аралығында төлеп келген. Бүгінде мұндағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Мердігер мекеме өкілдері батыстықтар осы бастан қажетті құжаттарын дайындай берсін, деп кеңес беруде.  
2022 жылдың соңына дейін электр қуаты сапасыз 7  елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Олар: Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Солтүстік, Батыс шағын аудандары. Ал, Қайнарбұлақ елді мекенінің электр желісі тартылған көшелеріне сапалы қуат көзіне қосылады. Аталмыш нысандағы құрылыс жұмыстары өтпелі. Бұйырса, келесі жылы толығымен тәмәмдалады деп күтілуде.  

Сұхбат

PhotoRoom