700-ге жуық отбасы баспаналы болады

Аймақ
15.12.2022, 18:40
700-ге жуық отбасы баспаналы болады

Түркістан қаласында биыл үй кезегінде тұрған 700-ге жуық отбасыға әлеуметтік баспана беріледі. Шаһардың жаңа ауданында бой көтерген 9 қабатты бес тұрғын үйге 5 мыңға жуық адам көшіп келеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 20 отбасына пәтер кілтін тапсырып, қуанышына ортақтасты.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар халықтың баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған. Тәуелсіздіктің арқасында мемлекет тұрақты даму жолына түсті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдаулары мен тапсырмаларында халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырған еді. Облыста осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Өңір басшысы, негізгі жұмыс әлі алда екенін айтты.
Қоныс тойын тойлап жатқандардың арасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедектер, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және тағы басқалар бар.
Биыл Түркістан каласы бойынша жалпы көлемі 200 мын шаршы метрден асатын 51 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл дегеніміз, 3296 пәтер, оның ішінде арендалық 709 пәтер иесі баспаналы болады деген сөз. Ал, 2023 жылы 62 үй салынып, тағы 4202 пәтер иесі қоныс тойын тойлайды. Олардың басым бөлігі  «7-20-25» және «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламалары арқылы баспаналы болады.
 

Сұхбат

PhotoRoom