Түркістан облысында су деңгейі көтерілуі мүмкін – ТЖМ

Аймақ
03.02.2023, 09:41

Облыста 2 ақпанда облыста су тасқыны басталды

Түркістан облысында су деңгейі көтерілуі мүмкін – ТЖМ
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысының басым бөлігінде 3 ақпанда жаңбыр мен қар жауады. Сондай-ақ қар еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

2 ақпанда облыста су тасқыны басталды.

Қазір бес елдімекенде, атап айтқанда Бәйдібек ауданында Шаян мен Шақпақ, Сауран ауданында Шаға, Созақ ауданының Шолаққорған ауылдарында және Арыс қаласында су бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Үйерді су басуға жол бермеу мақсатында 13 000 бірлік құм салынған қап төсеу жұмыстары жүргізілді, - делінген ақпаратта.

Жұмысқа ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан 430-дан астам адам, 70-ке жуық бірлік техника, 43 мотопомпа жұмылдырылды.

ТЖД күшімен Кентау қаласындағы Қарнақ ауылының, Сауран, Бәйдібек аудандарының су басқан аула аумағынан 204 адам, оның ішінде 111 бала эвакуацияланды.

Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдар Сауран ауданында 4 эвакуациялау пунктін дайындады.

Сұхбат

PhotoRoom