Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу мәселесі талқыланды

Аймақ
04.02.2023, 12:57

Су шаруашылығы нысандарына тікұшақпен бақылау жүргізу үшін дайындық жүргізілді

Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу мәселесі талқыланды
Фото: ТЖМ

Қызылорда облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Су тасқынының алдын алу мен жою мақсатында ТЖД жоғарғы көлемді су соруға арналған өтімділігі жоғары 28 бірлік техника, 12 бірлік моторлы қайық, 37 мотопомпа, 127 қызметкер дайындалды.

Облыс аумағындағы су шаруашылығы нысандарына тікұшақпен бақылау жүргізу үшін дайындық жүргізілді.

Қалыптасқан жағдайға байланысты су тасқыны жағдайының күрделенуі кезінде төтенше жағдайларды жою жөніндегі тиісті аумақтық жедел топтардың құрамдары мен ТЖД дағдарыс орталығында жедел штаб жұмысы құрылады.

Сұхбат

PhotoRoom