Күләш Бейсейітованың қызы қайтыс болды

Аймақ
04.02.2023, 18:41

Қарлығаш Қанабекқызы 83 жасында өмірден өтті

Күләш Бейсейітованың қызы қайтыс болды
Фото: Абай атындағы ҚҰОБТ

Қазақ операсының негізін қалаған Қанабек Байсейітов пен Күләш Бейсейітованың қызы 83 жасына қараған шағында өмірден озды.

Қаралы хабарды Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі жеткізді.

«Қарлығаш Қанабекқызы өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақстанның кәсіби музыкалық өнері мен театрымыздың пайда болуы туралы баға жетпес тарихи деректермен жомарттықпен бөлісе отырып, ата-анасы жайлы естеліктерді жадында сақтады», - делінген ақпаратта.

Сұхбат

PhotoRoom