18 секундқа созылған автонесие: бір минутта қанша өтініш берілгені айтылды

Әлеумет
06.02.2023, 13:35

Келесі өтінімдерді қабылдау қазақстандықтарға наурызда қолжетімді болады

18 секундқа созылған автонесие: бір минутта қанша өтініш берілгені айтылды
фото: Tengrinews.kz

Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесие алуға 18 секундта 761 өтініш берілгенін айтты. Платформа іске қосылған алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өз өтініштерін тіркеді. Бірінші минутта сайтқа кірушілер саны 125 000 адамды құраған.

Ведомство мәліметінше, лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, «өтініш беру» функциясы істен шыққан.

«Өтініш беру процесінде кейбір пайдаланушылар көлік өндірушісін таңдай алмады, бұл өтінім лимитіне жетуге байланысты болған», - деп толықтырды қор.

Еске салайық, келесі өтінімдерді қабылдау қазақстандықтарға наурызда қолжетімді болады.

Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасының шарты мынадай:

  • бір автокөліктің құны – 15 миллион теңгеден аспайды;
  • қаржыландыру сомасы – 10 миллион теңге;
  • қаржыландыру мерзімі – 7 жыл;
  • бастапқы жарна төлемейсіз.

Сұхбат

PhotoRoom