Астана тұрғыны 7 млн теңгесін пойызда ұмытып кеткен

Аймақ
06.02.2023, 14:28

Көлік полицейлері тез арада сөмкені тауып, иесіне қайтарды

Астана тұрғыны 7 млн теңгесін пойызда ұмытып кеткен
Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Елорданың 43 жастағы тұрғыны пойызда 7 миллион теңгеге жуық ақшасын ұмытып кеткен. Көлік полицейлері тез арада сөмкені тауып, иесіне қайтарды.

Полицияның хабарлауынша, 3 ақпанда 43 жастағы астаналық Алматы – Орал пойызында 4 миллион теңге және 6 мың доллар салынған сөмкесін ұмытып кеткен.

Ер адамның айтуынша, ол Есіл стансасынан шыққан. Үйге барғанда сөмкесі жоқ екені есіне түскен. Осыдан кейін елордалық көлік полицейлерінің көмегіне жүгінген.

Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары сөмкені тауып, иесіне қайтарды.

Ер адам қызметтік міндетін адал атқарған полицейлерге ризашылығын білдірді.

«Қызметкерлер бірден әрекетке көшті. Пойыз бастығымен байланысқа шығып, сөмкенің қайда жатқанын анықтады. 6 сағат өткеннен кейін құжаттарым және ақшам өзіме тапсырылды. Полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтамын», - деді астаналық.

Сұхбат

PhotoRoom