Көктемгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді

Әлеумет
07.02.2023, 09:43

Болжамды егіс алқабы 23 млн гектардан асады

Көктемгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді
Фото: ашық дереккөз

2023 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабаралды.

Дизель отынының тапшылығын, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының біркелкі жүктемесін болдырмау үшін дизель отынын жеткізу ақпаннан бастап кесте бойынша біркелкі жүргізіледі.

Энергетика министрлігі ақпан айына дизель отынының кепілдік берілген көлемінің құнын МӨЗ-ден тоннасына 222 мың теңге деңгейінде айқындады.

Жеткізу бойынша шығыстарды ескеріп, қазақстандық шаруалар үшін жанармайдың түпкілікті құны жанармай құю станцияларының нарықтық бағасынан 15-20%-ға арзан болады деп жоспарланған.

«Дизель отынын жеткізу кезеңінде ауыл шаруашылығы министрлігі энергетика министрлігімен бірлесіп, өңірлерге МӨЗ-ден жөнелту кестесінің сақталуына күнделікті мониторинг жүргізеді», - делінген ақпаратта.

2023 жылы облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес, болжамды егіс алқаптары былтырғы көрсеткіштермен бірдей болады және 23 млн гектардан асады. Алдын ала кем дегенде 18 мың га қант қызылшасымен себіледі. Сондай-ақ көкөніс, бақша және күріш дақылдарының өсуі күтіліп отыр.

Тегтер:
Үкімет Егін

Сұхбат

PhotoRoom