Былтыр 8 өңір тұрғын үй салу бойынша жоспарды орындамаған

Экономика
07.02.2023, 11:44

Астана мен Алматы қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүрді

Былтыр 8 өңір тұрғын үй салу бойынша жоспарды орындамаған
Фото: Владислав Воднев

2023 жылы елімізде 143,5 мың тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2022 жылы республика бойынша 130 мыңнан астам тұрғын үй салынды.

Тұрғын үйді іске қосудың жалпы республикалық жоспарлы көрсеткіші 101,8 %-ға орындалды. Астана (+18,5 %) және Алматы (+14,7 %) қаласы әкімдігі жоспарлы көрсеткішті асыра орындады. 8 өңір тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарын орындаған жоқ, - деді Марат Қарабаев.

Жоспарды орындамаған өңірлер арасында Ұлытау (52,8 %), Солтүстік Қазақстан (74,8 %) және Атырау (86,8 %) облыстарының көрсеткіштері ең төмен.

Министрдің айтуынша, 2023 жылы 15 млн 300 мың шаршы метр тұрғын үйді (143,5 мың тұрғын үй) пайдалануға беру жоспарланған.

Сұхбат

PhotoRoom