Алматыда Есентай өзені арқылы өтетін көпір жаңартылады

Аймақ
09.02.2023, 10:14

Биыл ұзындығы 15,5 шақырым 31 көше орташа жөндеуден өтеді

Алматыда Есентай өзені арқылы өтетін көпір жаңартылады
Фото: aqparat.info

Алматының Бостандық ауданында биыл 31 көше жөнделеді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде айтты.

Былтыр ауданда ұзындығы 23 шақырым 22 көшеге орташа жөндеу, 65 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.

4 шақырым тротуар салынып, жөнделді. 15 маршрутта 212 жаңа автобус жаңартылды.

Бағанашыл шағын ауданы тұрғындарының өтініші бойынша №68 маршрут «Храм» аялдамасына дейін ұзартылды және №116 маршруттың сызбасына өзгеріс енгізіліп, Гагарин даңғылы қамтылды.

Биыл ұзындығы 15,5 шақырым 31 көше орташа жөндеуден өтеді.

Әл-Фараби даңғылындағы «Есентай» өзені арқылы өтетін көпір жаңартылып, 2 көпір мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған пандустар орнатылады.

Сұхбат

PhotoRoom