Президент Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

Әлеумет
09.02.2023, 12:45

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардағы жұмыс туралы баяндады

Президент Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды
AFP 2023 / ADEM ALTAN

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады.

ТЖМ басшысы президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын жағдайларға қарамастан, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып, жоғары кәсібилік танытып, өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құтқарушылар мен кинологтар тобы хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына келді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушылардың жұмысына оң баға беріп, оларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар президент Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom