Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Әлеумет
10.02.2023, 11:56

Наурызда айтулы екі мереке бар

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады
Фото: ашық дереккөз

Наурыз айында жұмыс істейтін азаматтар қосымша 4 күн демалады.

Осы айда екі мереке бар. Оның бірі – 8 наурызда аталып өтілетін әйелдердің халықаралық күні. Бұл күн биыл серсенбіге келіп тұр.

Ал екіншісі –  Наурыз мейрамы. Мерекені қазақстандықтар 3 күн, яғни 21, 22, 23 күндері атап өтеді. Биыл наурыз мейрамы сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндерге тұспа-тұс келеді. 

Наурыз мереке күндерін қоса алғанда аптасына 5 күн жұмыс істейтін азаматтар – 12 күн, ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалады.

Сұхбат

PhotoRoom