Тұрақтандыру қорынан сауда нысандарына пияз сатыла бастады

Экономика
11.02.2023, 15:35

Жамбыл облысында пияз қоры елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етуге жеткілікті

Тұрақтандыру қорынан сауда нысандарына пияз сатыла бастады
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның өңірлерінде тұрақтандыру қорларынан сауда нысандарына пияз сатыла бастады, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.

Мәселен, Жамбыл облысында пияз қоры елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етуге жеткілікті. Былтыр күзде аймақта 40-қа жуық сауда орнына пияздың бір келісі 115 теңге, ал дүкендерде 128 теңге болған. Қазір де солай. Мәселен, Тараздағы "Вкусная Корзинка" азық-түлік дүкендерінде пияздың бағасы 128 теңге болып тұр.

Айта кетері, аптада премьер-министр тұрақтандыру қорынан қорларды броньсыздандыруды және тауарлық интервенцияларды бастауды тапсырған болатын. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары пияз қорын сатып, ел бойынша сауда объектілерін пияздың қажетті мөлшерімен қамтамасыз етуге міндетті.

Сұхбат

PhotoRoom