Жер сілкінісі Алматыдан шығысқа қарай 303 шақырым жерде тіркелді
«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен 08:10-да жер сілкінісін тіркеді.
Эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан шығысқа қарай 303 шақырым жерде, Қытаймен шекараға жақын маңда орналасты.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.4. Магнитудасы MPV – 3.8. Тереңдігі – 15 шақырым.
Бұл кейінгі кезде қазақстандық сейсмологтар тіркеген алтыншы жер сілкінісі. Екеуі Қырғызстанда, қалған үшеуі Қытай аумағында болған.