Екі адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Қазақстанда бір тәулікте 49 адамнан коронавирус анықталды. Бір науқас инфекция салдарынан қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
14 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 605 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 140 пациент стационарда, 1 465 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.
Екі адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.