Қоқыстардың кестеге сәйкес шығарылуын қадағалады

Рейтинг
08.07.2020, 17:12
Қоқыстардың кестеге сәйкес шығарылуын қадағалады

Ағымдағы жылдың 8 шілдесі күні Абай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Занкоев аудан аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы қоқыс контейнерлеріндегі қоқыстардың кестеге сәйкес, уақытылы шығарылуын қадағалады. Қадағалау барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Занкоев қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын жауапты мекемеге қоқыстардың уақытылы шығарылуын және кестеге сәйкес күнделікті сапалы жұмыс атқаруын тапсырды.

Бүгінгі таңда ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен "Спецавтотранспорт" ЖШС-і айналысады.

Мердігер мекеме көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлерін күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлерді аптасына 1 рет тазалап, алып отырады. Аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлерде қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер алаңшасы бар. Осы алаңшаларға 485 контейнер қойылған.

Сұхбат

PhotoRoom