Коронавирус жұқтырғандар саны тағы өсті

Экономика
15.02.2023, 09:45

Екі науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Коронавирус жұқтырғандар саны тағы өсті
Фото: AFP 2023 / PASCAL GUYOT

Қазақстанда бір тәулікте 91 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

15 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 545 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Оның ішінде 123 пациент стационарда, 1 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус анықталғандардың арасында алты адамның жағдайы ауыр, 3 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

Екі науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Айта кетейік, бұған дейінгі тәулікте 9 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 1 605 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатқаны хабарланды.

Сұхбат

PhotoRoom