Қазақстанда пияз бағасының қымбаттауына негіз жоқ – Үкімет

Экономика
16.02.2023, 14:05

Базарда өнімді қымбатқа сатқан 19 алыпсатар ұсталды

Қазақстанда пияз бағасының қымбаттауына негіз жоқ – Үкімет

ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин елімізде пияз бағасының қымбаттауына еш негіз жоқ екенін айтты.

«Қазір баға тұрақталып келеді. Елімізде пияз қоры жеткілікті. Сонымен қатар, пияз өнімнің экспортын жауып тастадық. Пиязды қаппен сатып алудың реті жоқ. Бірақ оның саудасына алып-сатарлар да кірісіп кеткенін байқадық. Елордадағы Magnum сауда желісінде пияз 130 теңгеден сатылып жатыр», - деді Серік Жұманғарин.

Вице-премьердің айтуынша, жақында Magnum сауда желісінің қызметкерлері тиісті тексеріс жүргізіп, арзан өнімді базарға саудаға шығарған 19 адамды анықтады.

«Мұндай алып-сатар әрекеттер дұрыс емес. Біз осы тауарды қарапайым халық үшін сақтап, 130 теңге сомасында өткізіп жатырмыз. Сонымен қатар, пияздың сапасы нашар деген уәж айтылды. Осыны тексеріп, сапасы жақсы екенін көрдік», - деді министр.

Сұхбат

PhotoRoom